spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 9, 2025
14.2 C
Kokshetau

«БИЛЕ, ЖАСТЫҚ!» аймақтық хореографиялық өнер фестиваль-байқауы аяқталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы  2020 жылғы қыркүйектің 25-нен қарашаның 18-не дейін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы»  жобасы аясында «Биле, жастық!» аймақтық  фестиваль-байқауын қашықтықтан өткізді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Байқаудың мақсатыби өнері арқылы аймақаралық байланысты дамыту, жастардың бос уақытын ұйымдастырудың маңызды құралы ретінде би мәдениетінің деңгейін арттыру.

Байқауға Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 60-тан астам би ұжымы қатысты.

Ақмола облысының 12 ауданы мен 2 қаласынан фестивальге қатысқан 38 хореографиялық ұжым лайықты өнер көрсетті.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді: халық биі; халықтық стильдендірілген би; сонымен қатар заманауи билер – контемпорари, джаз-модерн, неофолк, афро-джаз.

Қазылар алқасының мүшелері бейнематериалдарды қарап шыққан соң, 20 би ансамблі мен жеке орындаушылар екінші турға қатысуға мүмкіндік алды.  Қатысушылардың өнері Instagram және Facebook әлеуметтік желілері парақшаларында жарияланды.

Екінші турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

* «Халықтық-стильдендірілген би» номинациясында – «Viva dance» үлгілі би ұжымы, Бурабай ауданы;

* «Халық биі» номинациясында – «Туған жер»  би ансамблі, Петропавл қаласы;

* «Классикалық би» номинациясында – «Танцевальная графика» халықтық эстрадалық би ансамблі, Қостанай облысы Жітіқара қаласы;

* «Заманауи би» номинациясында – «Арабеск» үлгілі би ансамблі, Петропавл қаласы;

* «Көрермендер көзайымы» номинациясында – «Қазына» халық би ансамблі, Қорғалжын ауданы.

Барлық номинанттар мен лауреаттар дипломдармен марапатталды.

«Биле, жастық!» аймақтық  фестиваль-байқауы көрермендер көңілінен шықты.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img