spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Қазақстанда әуе билеттері қымбаттауы мүмкін

Сондай-ақ...оқыңыз

Елордада Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы ұшып-қону қызметтерінің тарифін көтермек, деп хабарлайды «Aqmola News» КТК телеарнасына сілтеме жасап. Халықаралық әуежай Азаматтық авиация комитетіне осындай ұсыныс жасап отыр. Себебі, 17 жылдан бері өзгермеген екен.

Ол мақұлданса, әуе билеттері де қымбаттайды деген сөз. Алайда тарифті қымбаттатуға әуе компаниялары қарсы. Жолаушылардың қалтасына салмақ салғымыз келмейді дегенді алға тартады. Тілшіміз Ербол Тұрымбет тарқатып айтады.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ұшып-қону қызметтерінің тарифі соңғы рет 2003 жылы бекітілген екен. Сол аралықта нарық әлденеше рет қымбаттады деген әуежай басшылығы бұл тарифті көтеру туралы шешім қабылдаған.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ұшып қону қызметрерінің тарифі 1441 теңгені құрайды. Яғни, Табиғи монополияларды реттеу заңнамасына сәйкес, бұл тарифтер 5 жыл сайын өзгертілуі керек. Біздер авиация комитетіне жоспарымызды жолдадық. Шешімді солар қабылдайды», – дейді Н. Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шәлекенов.

Ұшып-қону қызметтерінің тарифі ұшақтың әр тоннасына 1441 теңгеден есептеледі. Яғни, ұшақ неғұрлым ауыр болған сайын, қызмет құнын да көп төлейді деген сөз. Мәселен мынау осында қонатын ең ауыр әрі үлкен ұшақтардың бірі Боинг-747. Салмағы шамамен 350-400 тонна аралығында. Ауырлығына қарай, бұл ұшып-қону қызметіне ең көп төлейтін ұшақтардың бірі дегенді білдіреді.

Халықаралық әуежайдың ұшып-қону жолағын күн сайын осындай 36 техника мен 300 жұмысшы тұрақты тазалап отырады. Олардың қызмет ақысы жолаушылардың билет ақысына қосылады. Яғни, әрбір жолаушы ұшып қонған сайын билет құнынан шамамен 900 теңге осы қызметке төлейді деген сөз. Бұл тариф соңғы 17 жылдан бері өзгермеген.

Бірақ бұл өзгеріске әуе компаниялары келіспейді. Олардың айтуынша, ұшып-қону қызметтері тарифін көтеру жолаушылар қалтасына салмақ салады. Карантин кезінде жолаушылар тасымалы азайып, компания табысы біраз кеміген шақта, бұл жаңалық оларға тіпті қиынға соғып тұр екен.

«Біз оны әлдеқайда жоғары баға деп есептейміз. Біз өз тарифтерімізді қалайда төмендетуге тырысып жатсақ, олар керісінше бағаны көтеруге талпынып жүр. Мысалы, компания шығыны 1 миллиард 164 миллион теңгеге шығып кетейін деп тұр. «Флай Арыстанның» шығыны да 570 миллион теңгеге барады. Бұл біз үшін үлкен салмақ», – деді «Air Аstana» АҚ әуе компаниясының заң мәселелері бойынша вице-президенті Айдар Қашқарбаев.

Айта кетерлігі, елордалық әуежайдағы бұл қызмет тарифі еліміз ғана емес, халықаралық деңгейде ең төменгі тарифтердің бірі болып саналады екен. Мысал үшін айтсақ, елорда әуежайының тарифі тоннасына 3 доллар болса, Алматыда бұл 8 доллар. Ресей астанасы мен Санкт-Петерборда 10, Франкфуртта 25 доллар.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img