spot_img
Дүйсенбі, Наурыз 23, 2026
2.2 C
Kokshetau

Еліміздің 5 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Еліміздің бес облысының аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Aqmola News» «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Сондай-ақ Петропавлда жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

18-19 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. 18 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

18 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

18 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мыңдаған қонақтан кейінгі Наурыз: Көкшетаулықтар Тазару күні экоакциясына шықты

23 наурыз – Наурызнама онкүндігінің қорытынды күні, символдық мәні зор Тазару күніне орай Көкшетау қаласында «Таза ел – біздің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика