spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Бурабай ауданында алтын өндіру фабрикасы іске қосылмақ

Сондай-ақ...оқыңыз

Ағымдағы уақыт ішінде Бурабай ауданында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш бойынша өсудің оң өзгерістері қалыптасты. Аймақта өнеркәсіп, ауылшаруашылық, инветиция, тұрғын үй құрылысы сияқты салаларда көрсеткіштер артты, Бұл туралы өңірдік 9 айының әлеуметтік-экономикалық дамуына» арналған брифингте айтылды ,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Аудан әкімі Әсет Мұздыбаевтың айтуынша, биылғы егістік науқаны кезінде 162,9 мың гектар аумаққа дәнді және бұршақты дақылдар себіліп, орташа өнім алу гектарына 15,8 центнерді құраған.

Ал, аудандағы 8 ферма мен сүт тауар фермасы аймақтың мал шаруашылығын дамытуға үлес қосуда.

Өнеркәсіп саласы бойынша әсіресе, металлургия, тамақ өнімдерінің өндірісі ұлғайған.

Биылғы жылы өнімділігі жылына 5 миллион тоннаны құрайтын бастапқы кендердің алтын өндіру фабрикасын салуды жоспарлап отырмыз. Мұна 1 адам жаңа жұмыспен қамтамасыз етіледі. 2020 жылдың соңында іске қосылмақ. Бұл «RG Processing» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі болады -дейді аудан әкімі брифинг барысында.

Аудан капиталына осы уақыт аралығында 28,9 миллиард теңге инвестиция салынды.

Аудан әкімінің жуналистерге берген ақпаратына сәйкес, аймақта осы уақыт ішінде 18 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілген. Бұдан бөлек, ауданда 4 көп пәтерлі үй салынуда.

Нұрлы жер бағдарламасымен 6,9 милиард теңгеге 8 жоба іске асырылып жатыр.

Аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі шағын және орта бизнесті дамыту екендігі даусыз. Бүгінде аудан бойынша 4985 шағын кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді.

Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен 21 жоба қолдау тапты. «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы бойынша 301,4 миллион теңгеге 8 жоба мақұлданды. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 38 адам 162.8 миллион теңге сомасында шағын несие, 45 адам 7,9 миллион теңге сомасында бизнес идеяларын іске асыруға гранттар ұтып алды,-деді аймақ басшысы өз баяндамасында.

Аудан әкімі халықты әлеуметтік қолдау мәселелеріне де көбірек көңіл бөлінгенін атап өтті. Өңірде жұмыспен қамту орталығы арқылы 1482 адам жұмысқа орналастырылған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» арқылы 53 жоба қолға алынып, осы бағдарлама шеңберінде 1496 жұмыс орны құрылған.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img