spot_img
Жексенбі, Мамыр 25, 2025
6.3 C
Kokshetau

Екінші тоқсаннан бастап 38 мыңнан астам ақмолалық оқушы білім алуды дәстүрлі режімде жалғастырады

Сондай-ақ...оқыңыз

Келесі аптадан бастап оқушыларымызда 2020-2021 оқу жылының екінші тоқсаны басталады. Келесі тоқсанда облыс бойынша 38 мыңнан астам оқушы дәстүрлі режимдегі оқу форматына көшіріледі,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен боифингте Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов мәлімдеді.

Екінші тоқсанда бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, ата-аналардың өтініштері бойынша 1-5 сыныптарда  2936 кезекші топтар ұйымдастырылатын болады.

2020 жылғы 26 қазандағы Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысынының хаттамасында  2020-2021 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап:

– контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерді дәстүрлі оқыту форматына көшіру;

– ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1- ден 5-сыныпқа дейін кезекші сыныптар көшірілсін деп көрсетілген.

Осыған орай  осы 2 тоқсанда 35 мыңдай оқушысы бар 416 мектеп штаттық режимге, 139 мектеп (56 мың оқушы) қашықтықтан білім беруге көшеді деп жоспарланып отыр. Бірінші тоқсанда штаттық режимде 387 мектеп болды.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбегімен ел мерейіне бөленген ұстаз

Нұрия Жаңабаева Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінде 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол отыз алты жыл бойы ұстаздықтың қыр-сырын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика