spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ералы Тоғжанов Қостанай облысында санитарлық режимді күшейтуді тапсырды

Сондай-ақ...оқыңыз

COVID-19-дың таралуын тежеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды, деп хабарлайды «Aqmola News» COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Ералы Тоғжанов қараша айынан бастап Қостанай өңірінде COVID-19 фактілерінің едәуір өсуі тіркелгенін айтты. Вице-премьер өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысының әлсіздігін атап өтіп, Денсаулық сақтау министрлігі ұсыныстарының сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырды.

Премьер-министрдің орынбасары облыстың кейбір қалалары мен аудандарында ПТР тестілеудің болмауын ескере отырып, бұл қызметтің облыс тұрғындары үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуді жедел шешуді тапсырды.

Кеше ведомствоаралық комиссияның келісімі бойынша облыс әкімдігі ағымдағы жылдың 9 қарашасынан бастап санитарлық режимді қатаңдату жөнінде бірқатар шаралар қабылдады. Сонымен қатар ведомствоаралық комиссия облыс әкімдігіне қосымша шектеу шараларын қабылдауды, соның ішінде Қостанай – Қарағанды, Қостанай – Алматы бағыттары бойынша темір жол тасымалдарын аптасына 7-ден 3 ретке дейін қысқартуды және облыс ішінде жолаушылар темір жол құрамдарын тоқтатуға тыйым салуды (облыс әкімдігі айқындайтын орындарды қоспағанда) тапсырды.

Сондай-ақ, өңір басшылығына карантиндік режимді сақтау бойынша мониторингтік топтардың қызметін күшейту, сондай-ақ тұрғындар арасында карантиндік режимді мүлтіксіз сақтау қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img