spot_img
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
16.2 C
Kokshetau

Астрахан ауданында жоғалған балықшының денесі табылды

Сондай-ақ...оқыңыз

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Бүгін сағат 16.30-да Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Астрахан ауданының Баршын көлінен ағымдағы жылғы 23 қазанда жоғалып кеткен ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
​ Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 23 қазанда Астрахан ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің Баршын көліне төрт адам балық аулау үшін барған болатын. Сол күні кешке үшеуі металл моторлы қайықпен көлде жүзген. Ал біреуі жағалауда қалған. 2020 жылғы 28 қазанда іздеу тобы екі балықшының денесін тапты.​ Ал үшінші балықшыны іздеу жұмыстары 14 күнге созылды.
Бүгінгі күні Баршын көліндегі іздестіру жұмыстарына үш жүзу құралында құрамына 15 адам кіретін үш сүңгуір тобы, аудан әкімдігінің, полиция бөлімінің қызметкерлері, балықшының туыстары мен жанашыр тұрғындар ​ қатысты.Көлдің ауданы 40-тан астам шаршы шақырым болғандықтан және оның көп бөлігін қамыс басып кеткендіктен іздестіру жұмыстарында қиындықтар туындады.

Құтқарушылар балықшыларға балық аулауды жеке құтқару құралдары болған кезде ғана жүзеге асыруды ұсынады. Егер сіз қайықпен балық немесе аң аулауға шықсаңыз, онда қайық техникалық жағынан жарамды, су төгетін және құтқару құралдарымен жабдықталған болуы керек. Қайықта болған кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін кию және ешқандай оқыс қимыл жасамау, бортта еңкеймеу, қайықта тұрмау және қозғалмау қажет, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика