spot_img
Сенбі, Сәуір 19, 2025
4.2 C
Kokshetau

Ақмолада бес ірі инвестициялық жоба кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілді

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысында 2,6 миллиард теңгенің 5 инвестициялық жобасы жүзеге аспақ. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысовтың төрағалығымен өткен индустриалды-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесінің жиынында мәлім болды, деп хабарлайды «Aqmola News».
Жаңа онлайн форматта ұйымдастырылған жиында өңірдегі аудан әкімі орынбасарлары мен жоба бастамашылары қатысты.
Үйлестіру кеңесінде ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, машина жасау және құрылыс индустрия саласындағы Ақмола облысының кәсіпкерлікті қолдау картасына қосу үшін 5 инвестициялық жоба қаралды.
Жобалар бойынша инвестицияның жалпы көлемі 2,6 миллиард теңгені құрап отыр. Олар жүзеге асса облыста 236 жаңа жұмыс орындары құрылмақ. Қарастырылған жобалардың ішіндегі ең ірісі Астрахан ауданындағы инвестиция көлемі 600 миллион теңгені құрайтын «AZAM-KC» компаниясының жылына 10 бірлік Отандық астық құрғату кешенін шығаратын зауыт құрылысы мен Аршалы ауданындағы құны 373,2 миллион теңгені құрайтын «AiZetFarms» компаниясының жылына 28 мың тоннаға дейін құрама жем шығаратын зауыты болып отыр, – дейді Қанат Ыдырысов.
Жиын барысында үйлестіру кеңесінің қарауына түскен барлық жобалар мақұлданды.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика