spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Ақмола облысы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасын мерзімінен бұрын орындады

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысы тапсырмасы бойынша жоспарды артығымен орындады. Бұл туралы Ақмола облысның энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Иван Юрченко мәлім етті, – деп хабарлайды «Aqmola News». 
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ 
Басқарма өткен жылы ауылды жерлерде су құбырын тарту және сумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту жөніндегі жол жартасын жасаған. Аталған бағдарлама 2020-2023 жылдары жүзеге асыру тиіс. Құжатта қойылған міндеттерге жетудің қадамдары жазылған.
«Бүгінгі таңда сумен қамтамасыз ету саласы бойынша Ақмола облысында 605 елдімекеннің 373-і яғни 61,7 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды, орталықтандырылмаған суға 213 елдімекен қол жеткізді, ал 19 ауыл яғни 3,1 пайызы тасымал су жеткізіледі. Барлық елдімекендерді толықтай ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 118 ауылда сумен қамту желілерін қайтадан салу, 60 ауылда құрамдастырылған блок-модульдер орнату қажеттігі анықталды, – дейді басқарма басшысы Иван Юрченко.
Басқарма мәліметінше, биыл сумен қамту саласында 12,3 миллиард теңгенің 66 жобасы жүзеге асырылған. Бұл жұмыстар «Нұрлы Жер», «Жұмыспен қамту жол картасы-2020», «Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспары» және тағы да басқа бағдарламалар шеңберінде салу, ағымдағы және күрделі жөндеу жасалуда. Олардың 54-ін биыл аяқтау көзделіп отыр.
Жалпы, облыстағы барлық халықтың 708 515-і яғни 88 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Облыстағы қала тұрғындардың басым бөлігі суға тікелей қолжетімділікке ие. Ал 2020 жылдың қорытындылары бойынша ауыл халқының көрсеткіші 82,7 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш 2018 жылы тек 76,7 пайызды ғана құраған. Сондықтан облыс биылғы жылғы орталықтандырылған ауыз аумен қамтамасыз ету міндетін мерзімінен бұрын орындады деп айта аламын, – дейді Иван Юрченко.
Ауылдардың 98 пайызында жер асты су қорлары расталған. Ал 12 ауылда алдағы екі жылда барлау жұмыстары жоспарланған.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img