spot_img
Жұма, Шілде 4, 2025
20.2 C
Kokshetau

Жол апатынан мерт болған полицейлердің отбасына 11 млн теңгеден беріледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында жол апатынан мерт болған полиция қызметкерлерінің әрқайсының отбасына 11 миллион теңге көлемінде көмек беріледі, деп хабарлайды «Aqmola News» тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі кезде екі полиция қызметкерінің өліміне әкеп соқтырған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аталмыш санкция бойынша күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Сондай-ақ облыстық полиция департаменті қызметтік міндетін орындау барысында қаза болған полицейлердің отбасына 11 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Еске сала кетейік, кеше, 15 қазанда Щучье қаласында екі полицей жол апатынан қаза тапты. Lexus NX20 машинасы қызмет бабында жүрген учаскелік полицейлердің Lada-21214 көлігін үлкен жылдамдықпен келіп соққан.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мерт болған полицейлердің отбасына көңіл айтты.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Энергетика вице-министрі Ақмола облысының тұрғындарымен газ саласындағы реформаларды талқылады

Қосшы қаласында газ инфрақұрылымын дамыту және саланы реформалау мәселелеріне арналған кеңейтілген жиын өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Құдайберген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика