Ақмола облысында күзгі орақ науқаны аяқталды. Өңірдің барлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері егін орағын ойдағыдай тәмамдады, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше биыл 4,4 миллион гектар алқаптан егін салынып, 5,2 миллион тонна көлемінде астық өндірілген. Шамамен орташа есеппен гектарына 11,8 центнерден айналған.
Астықтың осыншама көлемде жиналуы шаруалардың тұқым алу, жанармай, техника және және басқа да шығындарын толығымен қамтамасыз етіп отыр. Осы жылы облыста егін ору науқанына 62 лицензиялы кәсіпорындар қатысты. Астық қабылдау кәсіпорындарымен қазірдің өзінде 2 миллион тоннадан астам өнім қабылданған. Сондықтан биыл астықты сақтау және қабылдауда ешқандай мәселе болмайды деген сенімдеміз, – дейді Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаев.
Астықтың сапа көрсеткіштері өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болған. Мамандардың есебі бойынша астықтың 95 пайызы 3 класты сәйкес келеді. Сондай-ақ, астық қабылдау кәсіпорындары мен элеваторларға жеткізілген бидайдың 70 пайызының балауызы отыз пайызға жеткен.
Облыс диқандары биыл егін орағына 73 мың тонна жанармай бөлініп, әр литрі үшін құнгы 172 теңгеден аспаған.
Биылғы егін орағына 8 мыңнан астам астық ору комбайндары, оның ішінде 3,7 мың заманауи жоғары өнімді комбайндар мен 2,5 мыңнан астам астық дестелегіштер қатысқан.