spot_img
Дүйсенбі, Қараша 24, 2025
4.2 C
Kokshetau

Түзету мекемесінде «Күз аруы» байқауы ұйымдастырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласы Застанционный кентіндегі Ец-166/24 түзету мекемесінде жазасын өтеушілер арасында «Күз аруы» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға құқық қорғау органдарының және қоғамдық тәртіпті қадағалау мекемелерінің мамандары қазылық етіп, қорытындысын шығарды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Аталған түзету мекемесінде 100-ден астам тұтқын жазасын өтеп жатыр. Олардың 15-сі әйел.

Егер жазасын өтеуші жақсы тәртібімен көзге түсіп, қоғамға бейімделуге дайын екенін көрсете білсе, қатаң режимдегі мекемеден осында ауыстырылады. Ал, бұл жерде оларға тағайындалған жазаны мерзімінен бұрын өтеп шығуға мүмкіндік туады.

Демек, бостандыққа шыққан соң да, қалыпты өмірге аяқ басып, қоғамға бейімделуге кедергі азаяды.

Түзету мекемесінің тәрбие жөніндегі бөлім басшысы Жеңіс Ыбыраевтың айтуынша, мұндай шараларды ұйымдастырудағы мақсат та, сотталғандарды қоғаммен байланыстыра отырып, бір жағынан тар қапасқа телмірген жандарға мерекелік көңіл күй сыйлау екен.

-«Күз аруын» жыл сайын өткізуге тырысамыз. Тәрбиелік мақсатта ұйымдастырылатын кез-келген іс-шара жазасын өтеушілердің өміріне тікелей әсер етеді деп ойлаймын. Олар тәрбиелік, эстетикалық мән-маңызы бар қоғамдық шаралардың арқасында өзін өзі тәрбиелеуге күш салып, бостандыққа ұмтылады,-дейді Жеңіс Ыбыраев.

Шараға қатысқан үміткерлерге мақтау қағаздары табысталып, гүл шоқтары тарту етілді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақ  халқының дәстүрлі  киімдері

Қазақтың ұлттық киімі – ұлтымыздың айнасы. Халқымыз ерте заманнан түрлі әсем киім үлгілерін жасап, киіп келген. Осы киімдердің эстетикалық,этно-мәдени,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика