spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола өңірінде «Нұрлы жер» бойынша 38 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Биыл жыл соңына дейін Ақмола облысында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландырудың барлық көздері есебінен 570,3 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі, деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі күні тұрғындарды баспанамен қамту басты мәселе болып отыр. Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, соңғы үш жыл ішінде баспана тапсыру бойынша оң динамика байқалады. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 248,4 мың шаршы метр баспана пайдалануға берлісе, 2020 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 277,4 мыңды құрады.

Бұдан бөлек, несиелік тұрғын үй құрылысының географиясы артуда. Мәселен, «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде облыс орталығынан бөлек, аудан орталықтары – Ақкөл, Бұланды, Ерейментау, Атбасар, Бурабай, Есіл аудандарында тұрғын үйлер салынуда. Есіл ауданында тұрғындардың әлеуметтік санатына арналған 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы ақталуға жақын.

Бас мердігер «Компания Гранит Сервис» ЖШС директоры Бахыт Әбдимәуленовтың айтуынша, құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп, қараша айында тапсыру жоспарланған.

«Қазіргі кезде төртінші қабаттың монолиті құйылуда, ішкі және сыртқы әрілеу, сыртық электрмен жабдықтау – 95 пайыз, сумен жабдықтау –100 пайыз, кәріз жүйесі – 80 пайыз, байланыс жүйесі – 95 пайыз жұмыстары жүргізілді», – дейді мердігерлер.

Айталық, биылғы жылы 38 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізулде. Оның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 20 жалдамалы, 13 несиелік тұрғын үй, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 4 тұрғын үй, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 1 тұрғын үй салынуда.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img