spot_img
Сенбі, Тамыз 23, 2025
24.2 C
Kokshetau

Президент Жарлығымен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ережесі мен құрылымы бекітілді

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды  «Aqmola News» Ақордаға сілтеме жасап.

Құжатта Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ереже; Агенттіктің құрылымы қоса берілген. «Агенттікке Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін», делінген Жарлықта. Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдау Қазақстан Республикасының Үкіметіне, оның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелген. Құжаттың толық мәтінімен мына сілтемеде танысуға болады. Еске сала кетсек, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында Президентке тікелей қарасты Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік құруды тапсырды.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика