spot_img
Сенбі, Қаңтар 18, 2025
-9.8 C
Kokshetau

Көкшетауда алдағы демалыс күндері ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады

Сондай-ақ...оқыңыз

2020 жылдың 10 және 17 қазанында Көкшетау қаласында «Тәуелсіздік» алаңында облыстық ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

10 қазанда Астрахан, Атбасар, Егіндікөл, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Сандықтау, Біржан Сал аудандары және Көкшетау қаласы, «Kokshe ӘКК ҰК» АҚ-ның өнімдері саудаланады.

Ал, 17 қазанда  Аршалы, Ақкөл, Бурабай, Бұланды, Ерейментау, Шортанды, Қорғалжын, Целиноград аудандарынан ет, сүт, көкөніс, жеміс-жидек сияқты табиғи таза өнімдер жеткізілмек.
Жәрмеңке таңғы 8-00-де басталады. Онда нарықтық бағадан төмен бағамен өнімдердің кең ассортименті ұсынылмақ.
Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау бойынша шаралар қарастырылады. Келушілер әлеуметтік арақашықтықты сақтап бетперде тағуы маңызды.

Көкшетаулықтарға жәрмеңкеден қапы қалмаңыздар дейміз!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Тілдерді оқыту орталығы: Қазақстан Республикасының тіл саясатын табысты іске асыруға қадам

Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі жанындағы Тілдерді оқыту орталығы Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img