Көкшетау қаласының газ құятын станциялары мен өнеркәсіпті кәсіпорындарында бірнеше күннен бері газ тапшылығы орын алды. Қаланың бірнеше көп қабатты үйлерінде де газдың жоқ болып кеткені туралы әлеуметтік желілерде тұрғындардың өкпе-назы тараған. Өңірде газ тапшылығының орын алу себептері мен оның қашан шешілетіні жөнінде Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Иван Юрченко түсініктеме берді, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Газ таратушы ұйымдардың хабарлауынша ертең 6 қазанға дейін Көкшетауға 839 тонна сұйылтылған мұнай газы жеткізілуі тиіс.
«Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен өкілетті органға қыркүйек және қазан айларына сұйылтылған газ жеткізу туралы уақытында жиынтық өтінімдер жолданған. Ақмола облысының теміржол бойында сұйылтылған газ таситын цистерна-вагондарының ұзақ уақытқакешігуіне және өндіруші зауыттардың сұйылтылған мұнай газы өндірісін бұрынғыдан гөрі едәуір мөлшерде төмендетуіне байланысты осындай тапшылық орын алды. Дегенмен Алдағы күні өндіруші зауыттардан газ келіп күрделі мәселе шешімін табуы тиіс. », – дейді Ақмола облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Иван Юрченко.
Ал Қазақстан Республикасы энергетика министрлігімен өндіруші-зауыттарға Ақмола облысына сұйылтылған мұнай газын вагон-цистерналармен дереу жеткізу қажеттігі туралы тапсырма берілген.
Қазіргі уақытта газ желісі ұйымдары қаладағы автогаз құю станцияларында газ босатуға шектеулер қойған. Сондай-ақ, өнеркәсіпті кәсіпорындар мен автокөліктерге газ жіберуге уақытша шектеулер қойылған.