spot_img
Бейсенбі, Наурыз 19, 2026
-0.9 C
Kokshetau

Мемлекет басшысы Қорғаныс министріне бірқатар міндеттер жүктеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев армияның әскери және шұғыл әрекеттерге дайындығы, азаматтарды әскерге шақырудың күзгі науқанының барысы, сондай-ақ, Алматы облысында өтіп жатқан бітімгершілік оқу-жаттығу жиыны жөнінде Қорғаныс министрінің есебін тыңдады.

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің алдына бірқатар міндет қойды. Соның ішінде Қарулы Күштерді қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеу кезінде Қазақстан армиясының радиациялық және химиялық қорғанысына қажетті құрал-жабдықтардың заманауи түрлерімен жабдықталуына, әскери-техникалық авиация мен инженерлік әскерді күшейтуге, инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға, кадрлық саясат пен әскеріміздің қысқы маусымға дайындығына қатысты бірқатар тапсырма берді.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсету жүйесі жетілдірілуде

Мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау көрсету – мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі. Бүгінде Ақмола облысында шамамен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика