Жақсы ауданындағы «Урожай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базасында өндірілетін тез дайындалатын жарма мен қауыз қытырлағы қазақстандықтар үшін сұранысқа ие, өтімді тауар. Жалпы серіктестіктің бүгінгі тыныс-тіршілігі жайлы журналистерге арналған прес-тур кезінде кәсіпорын директоры Ғабиден Бралинмен тілдесу мүмкіндігі болды,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Астықты сақтау және өңдеумен айналысатын «Уражай» серіктестігі «TNK Агрофирмасының» құрамына кіреді. Төрт элеватор мен диірмені бар кешен және құрама жемсауыты бар зауыт тез дайындалатын жарма мен қауыз қытырлағын өндіреді. Агрофирманың егістік даласындағы барлық астықты өңдеу кәсіпорынның алдына қойған міндеттерінің бірі. Биыл 200 мың гектар жерден астық жиналып, жоспар орындалды.
Элеваторға түсетін негізгі астық өнімдері бидайдың қатты және жұмсақ сұрыптары арпа және сұлы. Мұнда жоғары, бірінші және екінші сұрыпты ұн өндіріледі.
«Өндірілетін барлық астық біздің өз элеваторымызда қабылданады. Бір жолғы сақтау көлемі 300 мың тоннаға дейін жетеді. Астықтың негізгі бөлігінен ұн тартамыз. Тәулігіне 1200 тоннаға дейін ұн тартуға қабілетті төрт диірмен бар», – дейді «Урожай» ЖШС-нің директоры Ғабиден Бралин.
Барлық өнім 1, 2, 5, 10, 25 және 50 келілік полипропиленнен жасалған қаптамаға салынады. Ұн өте жоғары сапада болғандықтан елімізде ғана емес, сырт елдерде сұранысқа ие. Жақсы ауданы ай сайын еліміздің әр өңіріне және алыс-жақын шетелдерге 300 тоннадан астам өнім жөнелтеді. Ал, «Урожай» ЖШС-нің наубайханасы тәулігіне үш тонннаға дейін нан өнімдерін өндіруде.
Былтыр мұнда тез дайындалатын жарма өнімдерін өндіру кешені іске қосылды. Бүгінде жарманың 12 түрі мен бидай, сұлы, қарақұмық және арпа жармасының 4 түрін шығарылады.
«Құрал-жабдықтар осындай өнімдерді өндірудегі көшбасшы Германияның «ШУЛЕ» фирмасынан шығарылған. Барлық өнімдер 450 грамнан 25 келіге дейінгі ұсақ қаптамаларға салынады. Біз Қазақстан нарығына шықтық. Негізінен өнімдеріміз Батыс, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізіледі. Алдағы уақыта алыс-жақын шетел нарығына шығуды көздеп отырмыз, – деп толықтырды шаруашылық директоры.
Нарықта пайда болғанына аз уақыт болса да жаңа зауыт өнімі тұтынушылардың сеніміне ие болған.
«Нарыққа жаңа ғана кірсек те жұрттың сеніміне кірдік. Өйткені, барлық егіс алқабынан алынған шикізат ешқандай қоспасыз табиғи әрі жоғары сапалы өнім», – деп атап өтті Бралин.
Осыдан бес жыл бұрын мұнда өнімділігі сағатына 10 тоннаға дейін өнім шығаратын құрама жем зауыты салынған. Малды теңдестірілген жем-шөппен қамтамасыз ету малдың тезірек ет алып және сүтті де мол беруіне ықпал еткен. Кәсіпорында өңірде жоғары сұранысқа ие болған Ресей, Иран, Түркия және Қытайға импортталып жатқан жарма үгу цехі де жұмыс істейді.
Кәсіпорынның барлық зауыттары автоматтандырылған. Зауыттың кірме жолдарына былтығы жылы 1 миллион доллар бөлініп жөндеу жүргізілген.
Кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуі үшін барлық қажетті техника, аппаратураларды жөндейтін, жонғыш, аккумулятор қозғалтқышты қайта айналдыру цехтері бар.
Дегенмен лайықты әлеуметтік пакет жайлы жағдайларға қарамастан кәсіпорында кадр тапшылығы бар екен.
«Тұрақты жалақы және жұмысшыларға жасалған жайлы жағдайларға қарамастан кәсіпорында кадр тапшылығы күрделі мәселеге айналып отыр. Мамандар мен жұмысшылар жетіспейді. Қазіргі сәтте бізге электрші, токарь, слесарь сондай-ақ технолог және зертханашы мамандары ауадай қажет. Біз өз қызметкерлеріміз бен жұмысшыларымызды жеңілдікпен берілетін бағада жем-шөппен қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ, жеңілдікпен түскі ас ұсынатын 100 орындық асханамыз да бар. Жұмысшыларды өзіміз тасымалдаймыз. Барлық жұмысшылар үшін медициналық байқау мен мамандардың оқытылуы тегін. Біз жұмысшыларымызды тұрғын үймен де қамтамасыз етуге тырысамыз. Қазіргі сәтте үш қабатты 24 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталуға таяу. Келесі жылы тағы бір дәл осындай бір үй салуды жоспарладық, – деп атап өтті Ғабиден Бралин.
2014 жылы «Урожай» ЖШС-нің ТМД елдері арасында аса ірі өндіру өнеркәсібі болып ресми танылғанын атап өткен жөн.