spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
14.7 C
Kokshetau

Мемлекеттік бағдарлама аясында Бұланды ауданы Капитоновка ауылында 340 үйге ауыз су жеткізіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Бұланды ауданының Капитоновка ауылында әлеуметтік нысандар мен инженерлік – коммуникация инфрақұрылымдар жаңартылып, абаттандыру жұмыстар жүргізілуде,-деп хабарлайды «Aqmola News».

 Капитоновка ауылын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бойынша сумен жабықтау жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сол кезде аталмыш елді-мекендегі 340 үй сумен жабдықталатын болады,-дейді Бұланды ауданы әкімдігінен.

Сонымен қатар, ауылда 4 шақырым көшеге асфаль төселіп, энергия үнемдегіш жарық шамдары орнатылды. Қазіргі кезде ауыл көшесіне 102 электр бағаны орнатылды. Спорт алаңының абаттандырылуы да ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлады. Тортанды жабындысы бар воркаут алаңы, қоссырық, белтемір, жасанды жабындысы бар шағын футбол алаңында ауыл тұрғындары спортпен шұғылданып, бос уақыттарын өткізе алады. «Жаңа спорт алаңының салынуы балалар мен ересектердің спортпен шығылдануына және таза ауада серуендеуіне мүмкіндік туғызып отыр.

Сонымен бірге, ауыл көшесіне асфальт төселіп, жарық шамдары орнатылды. Бұл әрине, мемлекеттің ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсарту бағытында жасап отырған қамқорлығы», – дейді Капитоновка ауылының тұрғыны Анатолий Тертов.

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде орта мектеп ғимаратының шатыры ауыстырылып, ауыл клубының жылыту жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img