spot_img
Жексенбі, Сәуір 12, 2026
12.2 C
Kokshetau

Сандықтау ауданының әкімі мектептердің қысқы маусымға әзірліктерін пысықтауда

Сондай-ақ...оқыңыз
Сандықтау ауданының әкімі Асқарбек Үйсімбаев аудан мектептерінің қысқы маусымға әзірлігі мен мемлекеттік бағдарламалармен жүргізілген жөндеу жұмыстарын назарға алды, – деп хабарлайды «Aqmola News» Сандықтау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Аудан әкімі кезекті сапарында Мәдениет ауылындағы орта мектепке барды.
Мектеп қысқы маусымға толықтай әзірленген. Әрі қазірден бастап мектепті жылуға қосылған. Үш айға жететін 133,8 тонна көмір, КТ300 жаңа екі жылу қазандықтары қойылған. Сондай-ақ, биыл «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасымен жаңадан пластикалық терезелер қойылған. «Мәдениет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен көмір қоймасы салынған. Ал ата-аналар мен мұғалімдердің күшімен мектеп ауласында жылыжай салынған.
Мектеп директоры Любовь Кистанованың айтуынша мектеп штаттық режимде барлық санитарлық нормалармен жұмысын жалғастыруда.
Мектеп штаттық режимде жұмыс істегендіктен балалар сабаққа қатысуда. Ауырған балалар жоқ. Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталып отыр, – дейді Любовь Кистанова.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу өтті

Көкшетауда болашақ сарбаздарды, олардың ата-аналары мен жұртшылық өкілдерін біріктірген «Әскерге шақырылушы күні» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерзімді әскери қызметке...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика