spot_img
Сенбі, Желтоқсан 13, 2025
-5.8 C
Kokshetau

Ақмолада трактор тіркемесінде сабан өртенді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық төтенше жағдай қызметкерлері тракторды өрттен аман сақтап қалды, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап,

Көкшетау – Атбасар күре жолының бойында  МТЗ-92 маркалы трактордың тіркемесіндегі сабан тұтанып жана бастағаны туралы хабар бүгін күндізгі 11:49-да Сандықтау аудандық төтенше жағдай бөліміне түскен.

Оқиға орнына жеткен төтенше жағдай қызметкерлері трактордың тіркемесіндегі сабанның өртеніп жатқанын көріп дереу сөндіруге кірісті. Өрт сөндіруге Балкашино селосындағы өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен техникалары, «Жабай» ЖШС-нің бір бірлік техникасы мен жергілікті полиция қызметінің техникасы жұмылдырылды. Өрттің салдарынан 50 шаршы метр аумақта 6 тонна сабан жанып кетті, – деді Сандықтау ауданы төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Бауыржан Жолдасов.

Дегенмен өрт сөндірушілер 7 миллион теңге тұратын МТЗ тракторын өрттен аман алып қалған.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика