spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Қазақстандықтар бара алатын 11 мемлекеттің тізімі мен олардың талаптары жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарының шетелге шығу мүмкіндігі немесе шет елдер тарапынан қойылған шектеулер туралы хабарлады.

Бүгінгі таңда қазақстандықтар 11 елге бара алады. Төменде Қазақстан азаматтары бара алатын елдердің қандай талап қойып отырғаны (ПТР-тест қажет пе, қандай да бір елге келген соң карантинге жатқызылу міндет пе, өзімен бірге қандай құжат болуы қажет, виза қажет пе және т.б.) беріліп отыр.

1. БЕЛАРУСЬ.

  • виза қажет емес;
  • әуежайлар ашық;
  • COVID-19 анықтамасы қажет емес;
  • 14 күндік үй карантинінде оқшаулаудан өту керек;

2. БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІ

  • Дубай әуежайы ашық;
  • БАӘ-не баратын жолаушылардың КВИ COVID-19 анықтамасы (мерзімі 96 сағат) болған жағдайда ғана олар ұшаққа отырғызылады;
  • Дубай әуежайында жолаушылар медициналық декларацияны толтырады және қайта тест тапсырады (12 жасқа толмаған балалар және мүмкіндігі шектеулі адамдар тест тапсырудан босатылады). Оң нәтиже көрсеткен жағдайда 14 күндік үй карантинінде оқшаулаудан өту қажет;
  • халықаралық сақтандыру полисі болуы қажет;
  • 30 күннен аспайтын кері қайту ұшақ билеті және қонақүйдің брондалғанын растайтын құжат болу қажет;
  • міндетті түрде қоғамдық орындарда және сауда орталықтарында бетпердені кию қажет (айыппүл – 1 000,00 дирхам (274,00 АҚШ доллары.);
  • транзит бағытымен ұшу рұқсат бар (егер рейстің уақыты 96 сағаттан асатын болса, ел аумағына кіруге болады).

3. ГЕРМАНИЯ

Белгісіз мерзімге дейін ел аумағына кіруге шектеу орнатылды.

  • әуежайлар ашық;
  • КВИ COVID-19 анықтамасы қажет емес;
  • 14 күндік үй карантинінде оқшаулаудан өту керек;
  • транзит бағытымен ұшу рұқсат бар (мерзімі – 24 сағат, елге кіруге болмайды).

Германия визасы тек келесі санатқа жататын Қазақстан азаматтарына беріледі:

  • медициналық персоналға;
  • жүктерді тасымалдау саласындағы және басқа да қажетті бағыттардағы көлік компанияларының қызметкерлеріне (мысалы, әуекеменің экипаж мүшелеріне);
  • ресми сапар мақсатымен баратын дипломаттарға, халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге, гуманитарлық ұйымдардың қызметкерлеріне;
  • шұғыл отбасылық жағдаймен баратын тұлғаларға;
  • халықаралық қорғау немесе өзге гуманитарлық себептермен баруға мұқтаж адамдарға;
  • отбасымен бірігу үшін баратын адамдарға;
  • нақты жұмыс ұсынысы бар мамандарға;
  • ғылыми қызметпен айналысатын зерттеушілерге;
  • IT-мамандарына;
  • қоғамдық маңыздылығы бар ерекше жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге;
  • студенттерге;
  • оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне.

4. ЕГИПЕТ

Анықтама қажет (ағылшын немесе араб тіліндегі аудармасы қажет, мерзімі – 72 сағат).

  • әуежайлар ашық;
  • КВИ COVID-19 теріс нәтижесі бар анықтама қажет;
  • қоғамдық орындарда, сауда орталықтарында және қонақүйлерде бетперде кию қажет.

5. НИДЕРЛАНД КОРОЛЬДІГІ

Тек дипломатиялық виза беріледі. Белгісіз мерзімге дейін елге кіруге шектеулер орнатылды:

  • әуежайлар ашық;
  • КВИ COVID-19 анықтамасы қажет емес;
  • 14 күндік үй карантинінде оқшаулаудан өту керек;
  • транзит бағытымен жүруге рұқсат бар (мерзімі – 24 сағат);
  • рейске отырар кезде денсаулық туралы декларацияны толтыру керек;
  • қоғамдық көліктерде, сондай-ақ Амстердам және Роттердам қаласының кейбір жерлерінде бетперде тағып жүру міндетті (бетперде кимегені үшін 95,00 еуро айыппұл салынады);
  • барлық қоғамдық орындарда 1,5 м арақашықтық сақтау қажет (аталған талапты бұзғаны үшін 390,00 еуро айыппұл салынады).

6. КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ

Виза тек аса қажет кезде және тиісті комиссияның оң шешімі негізінде беріледі (емделуге, жақын туысы қайтыс болған жағдайда).

  • әуежайлар ашық;
  • КВИ COVID-19 анықтамасы қажет (мерзімі – 48 сағат). Сондай-ақ, анықтама Қазақстандағы Оңтүстік Корея елшілігімен танылған медмекемелер мен клиникалардан ғана алынуы тиіс;
  • тиісті түрде электрондық бақылау мен арнайы қонақүйде 14 күн карантинде оқшаулаудан өту керек (бағасы: 1 күн – 120-150 АҚШ доллары);
  • келушілер 3 күннің ішінде COVID-19 індетіне қатысты тест тапсыру керек;

7. ҚЫРҒЫЗСТАН

  • виза қажет емес;
  • әуежайлар ашық;
  • КВИ COVID-19 анықтамасы қажет емес;
  • тек паспорт арқылы;
  • 14 күндік үй карантинінде оқшаулаудан өту керек;

8. ӨЗБЕКСТАН

  • Виза қажет емес;
  • әуежайлар ашық;
  • КВИ COVID-19 анықтамасы қажет емес;
  • тек паспорт арқылы.

9. РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ

Виза қажет емес. Әуежайлар 2020 жылғы 21 қыркүйектен бастап ашық.

  • КВИ COVID-19 анықтамасы қажет;
  • аптасына 1 рет Нұр-Султан – Мәскеу бағытымен рейстер ұшады;
  • тек қана әуеқатынасқа қатысты шектеулер жоқ, алайда құрлықтағы бақылау бекеттері арқылы өтуге шектеулер сақталады.

10. ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ

  • 90 күнге дейін визасыз;
  • әуежайлар ашық;
  • КВИ CОVID-19 анықтамасы қажет емес;
  • ел аумағына кірер алдында жеке медициналық сақтандыру полисі болуы қажет;
  • барлық жолаушылар терминал мен ұшақтарда бетперде киюі міндетті. Бетперде кимеген жолаушылар терминал мен ұшаққа жіберілмейді және 123,00 АҚШ доллар айыппұл салынуы мүмкін;
  • терминалға кіре берісте жылу камераларымен жолаушылардың дене қызуы өлшенеді. Егер дене қызуы 37,8 градустан жоғары болса немесе КВИ COVID-19 белгілері байқалса, арнайы медорталықтарда тест жасату міндетті. Барлық халықаралық әуежейларда арнайы «Тест орталықтары» бар және тест тегін жасалады. Тест нәтижелері 1-3 сағатта шығады. Егер тест нәтижесі оң болса, жолаушы жеке ауруханаға жіберіледі. Ауруханада жасалған бақылау қорытындысы бойынша жолаушы ауруханаға жатқызылады. Егер де «ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ, оқшаулау жеткілікті (14 күн)» деген қорытынды айтылса, жолаушы өзі тұратын қонақүйге немесе үйіне бара алады. Жолаушылар қонақ үйлерде науқастар үшін арнайы дайындалған оқшаулау бөлмелерде емделуін жалғастыра алады.

11. УКРАИНА

Виза қажет емес. 2020 жылғы 28 қыркүйекке дейін елге кіруге шектеулер орнатылды.

  • әуежайлар жабық;
  • КВИ COVID-19 анықтамасы қажет (мерзімі – 48 сағат) немесе жолаушы әуежайда тест тапсырады;
  • 14 күндік карантин қарастырылған;
  • ел аумағына кірер алдында жеке медициналық сақтандыру полисі болуы міндетті. Сақтандыру полисін Украинада тіркелген компаниядан немесе ел аумағында өкілдігі бар халықаралық сақтандыру компаниясынан алу керек;
  • қоғамдық орындарда және сауда орталықтарында бетпердені кию қажет;
  • өзімен бірге жеке басын куәландыратын төлқұжат (паспорт) алып жүру керек;
  • транзит бағытымен жүруге рұқсат бар (мерзімі – 24 сағат).

Бұл ақпарат жаңартылып отырады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img