Жоба «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылды.
Коронавирус пандемиясы кезінде құрылым материалдарын жеткізуде едәуір қиындықтар туындады. Бұл өз кезегінде жөндеу жұмыстарын 15 қыркүйекке дейін созуға мәжбүр етті. Ауыл мектебін күрделі жөндеу барысында жұмыспен қамту орталықтары арқылы жаңадан 15 адам жұмысқа орналасты. Бас мердігер «Қазбайлық Астана» жауапкершілігімен жасалған 118 156 736 теңгеге келісімшарт шеңбернде ішкі есіктер жаңартылды, сынып бөлмелеріне әрлеу жұмыстары жасалды, киіну бөлмесінің аралықтары ауыстырылды, – дейді аудан әкімі Абай Әлжанов.