spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола облысында праймеризге қатысушылары арасында пікір сайыс кезеңі басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Ақмола облысы бойынша праймеризге қатысушылар арасында пікір сайыс кезеңі басталды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Көкшетау қаласындағы Достық үйінде аумақтық партия филиалы атынан праймеризге қатысушылардың алғашқы 5 адамы өзара пікір сайысқа түсті.

Бір аудиторияда праймеризге қатысушы – мұғалім, көп балалы ана мен кәсіпкерлер  облыс орталығын  көркейту, дамыту  мәселелерін шешу туралы өз ойларымен бөлісті.

Дебат кезінде алғашқы болып сөйлеу жеребе тарту бойынша анықталды. Әр қатысушы өзінің бағдарламасымен таныстырып, халықпен кездесу барысында тұрғындарды мазалайтын сұрақтарды талқылады. Спикерлер қоғамның барлық салаларына қатысты көптеген мәселелерді қозғады. Көпбалалы отбасыларға берілетін жеңілдіктер, білім беру жүйесі, кәсіпкерлікті қолдау, экономика, спорт, мәдениет және көлік инфрақұрылымын дамыту тақырыптары күн тәртібіндегі негізгі мәселеге айналды.

Дебатта көтерілген тағы бір маңызды әлеуметтік тақырып ол – ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолдау көрсетіп,  жұмысшы мамандығының беделін көтеру.

Бүгінгі пікірсайысқа қатысушыларды бір мақсат біріктірді – аймақ тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту үшін жағдай жасау, соның ішінде облыс орталығын дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыруды тиімді бақылау.

Саяси пікірталас екі турда өтіп, жалпы ұзақтығы 90 минутты құрады. Бірінші кезеңде праймеризге қатысушылар аймақтың дамуындағы мәселелерді шешу жолдарымен бөліссе, әрі қарай, пікірталас сұрақ-жауап форматына көшті. Дебатты әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетілді.

Пікір сайысты тамашалауға әрі қатысушыларға қолдау білдіруге  қоғамдық ұйымдардың, жастар бірлестіктерінің өкілдері мен партия  мүшелері келді. Көкшетау қаласы бойынша праймеризге 93 үміткер тіркеліп, дебатқа қатысу үшін  олар 19 топқа бөлінді.

Естеріңізге сала кетейік, праймеризге қатысушылар арасындағы дебат 14-30 қыркүйек аралығында өтіп, әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіледі.

«Nur Otan» партиясының праймеризіне  қатысушыларға дауыс беру ағымдағы жылдың 1 мен 3 қазан аралығында өтеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img