spot_img
Жексенбі, Мамыр 25, 2025
6.3 C
Kokshetau

Ақмолада облыс әкімінің стипендиясына құжаттар қабылдануда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиясын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдана бастады, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Құжаттар 14 қыркүйектен 14 қазан аралығында  қабылданбақ. 

Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиясын тағайындауға үміткерлер Ақмола  облысында тұратын, күндізгі оқу  түрінде  ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес келетін студенттер жатады:

– Ақмола облысында кадрлық тапшылықты құрайтын мамандықтарда оқитын;

– халықтың әлеуметтік-осал топтарына жататын;

– жастар ұйымдарының құрамына кіретін мүшелері мен белсенділері;

– шығармашылық және мәдениет саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген (халықаралық шығармашылық конкурстарда жүлделі орындар және т.б.);

– әртүрлі спорт түрлерінен жоғарғы нәтижелерге жеткен (Қазақстан Республикасы чемпионаттары мен олимпиадалық ойын түрлері бойынша халықаралық чемпионаттардан орын алған, немесе олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша  халықаралық чемпионаттардан жүлделі орындар алған), Ақмола облысы атынан қатысқандар үшін.

Конкурсқа қатысуға өтінім беруге, сондай-ақ Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиясын тағайындау шарттарымен және сұранысқа ие мамандықтар тізбесімен сайтта танысуға болады https://egov.kz/wps/myportal/Esedo.

Қосымша ақпарат алу үшін 40-12-29, 40-12-07, 40-12-09, 40-12-31 телефондарына хабарласуға болады.

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбегімен ел мерейіне бөленген ұстаз

Нұрия Жаңабаева Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінде 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол отыз алты жыл бойы ұстаздықтың қыр-сырын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика