spot_img
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
21.2 C
Kokshetau

Тоқаев 20 жыл бұрын қол қойылған Назарбаевтың Жарлығына өзгеріс енгізді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2000 жылғы 3 сәуірде қол қойған мәдениет саласында мемлекеттік стипендия тағайындау туралы Жарлығына өзгеріс енгізді. Бұл туралы Ақорданың сайтында   жазылды.

Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 20 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55-ке көтерілді.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы»

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын».

«Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, Елбасының 2000 жылғы Жарлығына сәйкес, жоғарыда аталған стипендияның мөлшері 20 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 7 қыркүйек .

№ 404.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жолдау-2024 жүзеге асыру: МӘМС жүйесімен қосымша 1 млн-нан астам адам қамтылады

Мемлекет басшысының Жолдауын және өзге де тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика