spot_img
Жұма, Мамыр 23, 2025
13.2 C
Kokshetau

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020»: Астрахан ауданында әлеуметтік нысандарға жөндеу жүргізілуде

Сондай-ақ...оқыңыз
Астрахан ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бір миллион теңгеден астам қаражатқа келісімшарт жасалып, әлеуметтік нысандарға жөндеу жұмыстары жасалды, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ 
Бағдарлама шеңберінде 138 жұмыс орны құру жоспарланғанымен, іс жүзінде 144 адам жұмысқа орналасқан.
Мемлекеттік бағдарлама арқасында Колутон орта мектебінің  екі қабатының терезелері ауыстыруға «Инкомстройпласт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт жасалған. Қазіргі уақытта жұмыстар толық көлемде аяқталды. Камен  ауылында ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүзеге асырылып келеді. Жалтыр ауылында  әмбебап спорт алаңы салынды.   Астрахан селосында ұзындығы 1710 шақырым  ағын су өткізетін арықтар орнатылды. Қызылжар орта мектебінде  жылыту жүйелерінде ағымдағы жөндеу жасалды, – дейді Астрахан ауданының әкімі Нұрлан Сейілов.
Ауданда сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Астрахан аудандық ауруханасына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.  Сондай-ақ,  «Алпамыс» балабақшасы мен Астархан аудандық мәдениет үйі мен аудан ауруханасы жанында автотұрақтар салуға келісімшарттар жасалған.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбегімен ел мерейіне бөленген ұстаз

Нұрия Жаңабаева Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінде 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол отыз алты жыл бойы ұстаздықтың қыр-сырын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика