spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 9, 2025
8.1 C
Kokshetau

Энергетика министрі Тоқаевқа Теңіз кенішін кеңейту жобасы туралы баяндады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің 7 айдағы жұмысының қорытындылары мен елдің отын-энергетика кешенін дамыту перспективалары туралы есебін тыңдады.

Нұрлан Ноғаев Мемлекет басшысына болашақта теңіз кенішін кеңейту мен ернеулік қысымды басқару жөніндегі жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады. Бұл жобалар 2022 жылдың соңына дейін мұнай өндірісін 12 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай ақ Президентке 2025 жылға дейін мұнай-газ-химия саласында жалпы сомасы 15 млрд АҚШ доллары болатын жобаларды жүзеге асыру жоспарланғаны туралы ақпарат берілді.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері қуаттылығы 432,05 МВттық жаңартылатын қуат көздерінің 15 нысаны іске қосылған. Жыл соңына дейін тағы 260 МВт жаңартылатын қуат көздерінің нысандары пайдалануға берілмек.

Нұрлан Ноғаев 1 қыркүйектен бастап саланы цифрландыру бағдарламасы аясында қазба байлықтарды пайдалану құқығы бойынша аукциондарды электронды форматта өткізу жоспарланып отырғанына тоқталды. Бұл конкурстық үдерістердің ашық жүруін қамтамасыз етіп, кәсіпкерлердің шығындарын азайтады.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы энергетика саласын дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img