spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.3 C
Kokshetau

Есіл ауданында кәсіпкер көп балалы ана ауыл мектебіне асхана салып берді

Сондай-ақ...оқыңыз

 Есіл ауданындағы Московская селосындағы ауыл мектебіне «Мәншүк және К» шаруа қожалығы тұрақты демеушілік көрсетіп келеді. Кәсіпкер әйел мектеп оқушыларына барынша жағдай жасап, игілікті ісімен жұрттың алғысына бөленген, – деп хабарлайды «Aqmola News» тілшісі. 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ 

«Мәншүк және К»  шаруа қожалығының басшылары Шәйза Әділбекова жұбайымен бірге  биыл Московская селосында мектеп оқушылары үшін кең әрі жайлы асхана салып берді.

 

Өз ісіне  жауапкершілікпен қарап, мердігерлермен жұмысты үйлестіріп, сапалы қызмет көрсеткені үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Игі істер ешқашан елеусіз қалмайды.  Сіз білім мекемесіне материалдық жәрдем көрсетіп қана қоймай,  балалардың алдағы болашаққа үмітпен қарауына жол аштыңыз. Сіздің көмегіңіз мектеп үшін аса  үлкен   қолдау болды. Сізге одан әрі ісіңіз берекелі болып,  жасаған қайырымды істеріңіз  сәттілікке жетелесін, – дейді Московское селолық округының әкімі Елена Петричко.

Демеушілік қолдау мен қайырымдылық көмектің ел ішінде көбірек болуы елдегі жақсы адамдардың көп екенін айғақтай түседі.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика