Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы қызметке кіріскелі екінші рет халыққа Жолдау жасады. Жолдау Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы сын-қатерлерге берген сенімді жауабы болды. Президент жаңа экономикалық бағыттың жеті негізгі бағытын атап өтті, олардың ішінде бірінші орында азаматтардың игіліктері мен міндеттерін әділ бөлу қағидаты тұр. Тұрғын үй мәселесін бірінші орынға қою дұрыс шешім деп санаймын, өйткені, көбінесе тұрғын үйдің болмауы жас қазақстандықтар үшін маңызды мәселе, сондай-ақ, тағы екі маңызды тезис – халықтың кредиттік саясаты мен құқықтық сауаттылығын қайта қарау болып табылады. Коронавирус пандемиясы барлық елдердің экономикалары үшін сынақ болып отыр. Шағын және орта бизнес үлкен қиындықтарға тап болуда. Мұның бәрі Президент Жолдауынан тыс қалған жоқ.
Мемлекет басшысы сондай-ақ, отандық бизнесті қолдау бойынша кеңейтілген шаралар пакетін қарастыруды, соның ішінде салық заңнамасын тексеруді атап өтті. Сондай-ақ, жастар жобаларын іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер жасалады деп ойлаймын. Білім беру жүйесінің бір ынталы тетігі ретінде мұғалімдердің жалақысын арттыру маңызды шешім болды. Жалпы, Президент әлемдегі қазіргі жағдай халықаралық күн тәртібін толығымен өзгерткенін атап өтті. Экономика халық үшін әлеуметтік міндеттемелерді қамтамасыз етуге бейімделуі керек. Бір сөзбен айтқанда, Мемлекет басшысы алдымызға наұты міндеттерді қойып берді, оны орындау – бізге парыз.