spot_img
Бейсенбі, Шілде 10, 2025
15.2 C
Kokshetau

Ақмола облысы прокуратурасы интернетте алаяқтықтың көбейіп кеткенін хабарлады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының прокуратурасы коронавирус пандемиясы кезінде интернет саудасында алаяқтардың көбейіп кеткені туралы  мәлімдеп, халықтан аса сақ болу қажеттігін  ескертті, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Интернет-алаяқтар, азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін меңгеріп алған.  Тұрғындардың аңқаулығы мен сенгіштігін пайдаланған алаяқтар тез баюдың жолдарын көрстепі, ақпараттық желілердің көмегімен азаматтардың ақшасын  тартып ала бастаған.

Интернет кеңістігін пайдаланған алаяқтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы және басқа да жолдармен оңай ақша табуға болатынын айтып, халықтың жеке мәліметтерін біліп алады. Интернет сауда алаяқтары әсіресе карантин кезінде еселеп көбейіп кетті. Оңай жолмен ақша табуға сеніп қалғандар ақшасын жіберіп қойып жатады. Ал егер ақшаны алып қойса, оны табу да қиынға соғады. Сондықтан, азаматтардың барынша сақ болып, жеке ақпараттармен бөлісуге болмайтынын ескертеміз. Егер қандай да бір күдікті телефон қоңырауы түссе немесе СМС хабарлама келсе дереу полиция органдарына немесе 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз. Сондай-ақ, дереу банктегі несие тарихы мен өз шоттарын тексеру қажет., – дейді  облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

 

Прокуратура азаматтарды қарапайым қағидаларды естен шығармай, аса сақ болуға шақырады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жылжымайтын мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу

Кепіл – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес,  борышкер міндеттемені орындамаған жағдайда, кредитор (кепіл ұстаушы) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемеден қанағаттандыру...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика