spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Буденовка ауылынан табылған мамонт сүйегі Алматыдағы ғылым Академиясына зерттеуге жіберіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы, Буденовка ауылынан  табылған  мамонт сүйегі    Алматыдағы  ғылым Академиясына зерттеуге жіберіледі. «Aqmola News»тілшісі  Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Қуаныш Шақшақовқа хабарласып, тарих қойнауынан сыр шертетін жануар сүйегі туралы мәлімет білді.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Ауыл тұрғыны Валерий Дубовик  тапқан мамонт жануарының сүйегі облыстық тарихи-өлкетану  музейіне жеткізіліп, қойылды.

Музей директоры  Қуаныш Шақшақовтың айтуынша  ,  бұл табылған сүйек ғалымдар үшін де, жер бетінің ежелгі тіршілігін білгісі келетін кез келген адам үшін де, үлкен олжа іспетті.

Біз бұл сүйекті Алматыға жібермес бұрын  өзіміз жан -жақты  зерттейміз. Ғылыми қызметкерлеріміз талдап, толық қорытындыны шығарған соң ғана  алматылық палеозоологтарға жолдаймыз. Ол жақтан қашан  қорытынды келетіні әзірге белгісіз,-дейді Қуаныш Ғибадатұлы.

Музей қызметкерлерінің айтуынша , Ақмола өңірінен ежелде тіршілік еткен жануарлардан қалған мұндай фрагменттер алғаш рет табылып отырған жоқ.   Бұған дейін де пілге ұқсайтын жануарлар сүйектері Жақсы ауданының Терісқақпан өзінінің оң жағалауынан және Сандықтау , Шортанды, Зеренді аудандарының территориясынан табылған.

Ғалымдар табылған заттың мөлшерін сол жерде тіркеді. Сүйектің ұзындығы -1 метр 5 сантиметр. Қалыңдығы 30 сантиметрге жетеді.

«Мамонттың соңғы түрлері 50 мың жыл бұрын өмір сүрген. Бірақ біз нақты айта алмаймыз, болжам бойынша   мамонттардың  сыртқы тұрқы пілге ұқсас  болған. Олар шөппен қоректенген,-деген  Қуаныш Ғибадатұлы  бұл жануарларға қатысты әлі де зеттеу жүргізілетінін айтты.

 

Табылған сүйектер ғалымдарға  жергілікті жердің климатын, жер бедерін, тіршілік  көзі сияқты басқа да табиғи жағдайын зерттеуге, зерделеуге көп көмегін тигізеді деген үміт бар.

 

 

 

 

.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img