spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыруға назар аударылуда

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысында әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға жергілікті атқарушы органдардың бақылауына алынған. Жыл басынан бері ғана 175 ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып, тауар өндірушілерімен 1 мыңнан астам меморандумдар жасалған, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Елдегі күрделі жағдайда  азық-түлік өнімдеріне баға да біршама ұлғайғаны байқалған. Тек жыл басынан бері ғана облыста ұн және  1 сұрыпты нан өнімдері, күріш, қарақұмық жармасы, түтік кеспе, сиыр еті, тауық еті, сүт және 2,5% айран және ірімшік 5-9% қымбаттаса, тауық жұмыртқасы, сары май және  күнбағыс майы, қырыққабат, пияз, сәбіз, қант және тұз 4,7%-ға көтерілген.
Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы,  қала және аудан әкімдерімен бірге  сауда орындарына күнделікті баға мониторингін жүргізеді. Тек жыл басынан бері ғана  тауар өндірушілерімен 1087 меморандум жасалып, 175   ауыл шаруашылығы  өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды, – дейді басқарма басшысы Ербол Оспанов. 
Ал «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы облыстық тұрақтандыру қорынан (күріш, қарақұмық жармасы, қант, 1 сұрыпты ұн, сарымай және күнбағыс майы сияқты әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын саудалау арқылы бағаны біршама төмендеуіне жол ашқан. Тек жыл басынан бері  сатылған жергілікті азық-түлік тауарларынан 63,3 миллиард теңгеге құраған.
Облыстық кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, ет және шұжық өнімдері, жартылай фабрикаттар, өсімдік майы, құс еті, астық ұны, макарон өнімдері және тағы да басқа ларының өндірісі ұлғайған.
Облыста жыл сайын 300 тонна  сүт, 77 тонна сиыр еті, 123 тонна құс еті, 2,2 миллион дана жұмыртқа, 1000 тоннаға жуық ұн  өндіріледі. 100 тоннаға дейін картоп, сәбіз, пияз сияқты өнімдер жеткізіледі, – деп толықтырды Ербол Оспанов. 
Жалпы, тауар үздіксіз сатылып, өңірде  дүрбелең туғызатын сұраныс  байқалмаған.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img