spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ералы Құсайынов – үздік шекарашылардың бірі

Сондай-ақ...оқыңыз

Ералы Қайыржанұлы ұзақ жылдар бойы шекара қорғау қызметін абыроймен атқарып, бүгінгі күні үздік шекарашылардың қатарынан саналады.

Кейіпкеріміз 1973 жылдың төртінші қарашасында Көкшетау облысы, Ленинград ауданы, Менжинское ауылында дүниеге келді.
Менжинское орта мектебін аяқтағаннан кейін 1991 жылдың 22 қарашасынан бастап КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің шекара жасағында, Зайсан қаласындағы 2017 әскери бөлімшесінде, Чунджа кентіндегі 2534 әскери бөлімшесінде әскери борышын өтеді. Әскерде жүргенде сержанттық құрам мектебін аяқтап, кейін 2534 әскери бөлімшесінің оқу пунктінде бөлімше командирі болып тағайындалды.
1992 жылдың тамызынан 1993 жылдың мамыр айына дейін 2017 әскери бөлімшесінің Кандюрин атындағы Шекара бекетінің бөлімше командирі лауазымында әскери қызметін атқарды.
1993 жылдың мамыр — қыркүйек айларында Қазақстан шалғайдағы атқыштар батальонының тәжік — ауған шекарасындағы қызметте өз еркімен келісім шарт бойынша әскери борышын өтеді.

Ералы Қайыржанұлы ұзақ жылдар бойы шекара қорғау қызметін абыроймен атқарып, бүгінгі күні үздік шекарашылардың бірі болып отыр.

Әскери борышын өтеген уақытта Хоргос шекара жасағының «Егид» шекара бекетінде Тәжікстан Республикасына байланысты бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.
Ауғанстан Республикасы аумағынан Тәжікстан Республикасы аумағына Пянж өзені арқылы  өтетін әр жүктердің контробандасының жолы кесілді.  Ералы Құсайынов әскер қатарынан босатылғаннан кейін Менжинское ауылында еңбек етті.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img