spot_img
Сенбі, Желтоқсан 13, 2025
-4.2 C
Kokshetau

Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республика халқына кезекті Жолдауын жариялайды. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды Aqmola News Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр. Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады»,-деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика