spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
2.6 C
Kokshetau

2021 жылы Қазақстанда зейнетақы мен еңбекақы қанша болады?

Сондай-ақ...оқыңыз

Ең төменгі жалақы мөлшерін қазіргі 42 500 теңге шамасында, ал айлық есептік көрсеткішті 2 778 теңгеден 2 917 теңгеге дейін көтеру ұсынылып отыр, деп хабарлайды Aqmola News  Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап

2021 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі жалақыны 42 500 теңге деңгейінде бекіту жоспарланып отыр. Бұл туралы «2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында айтылған.

2021 жылдың 1 қаңтарынан:

  • ең төменгі жалақы – 42 500 теңге;
  • ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы – 18 524 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері – 43 272 теңге;
  • жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917 теңге;
  • базалық әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн ең төменгі күнкөрiс деңгейiн – 34 302 теңге мөлшерінде бекіту жоспарланып отыр.

«Жасына байланысты зейнетақыға және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаржы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың мөлшерін 7 процентке көтере отырып ескерілген», – делінген құжатта.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 қаңтарынан әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін мемлекет жарнасының мөлшері – жарнаны есептеу объектісінен 1,6 процент деп белгiлеу ұсынылды.

Еске салсақ, қазіргі таңда ең төменгі зейнетақы 40 441 теңгені құрайды.

«2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы 2020 жылдың 4 қыркүйегіне дейін талқыланады.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика