spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-31.1 C
Kokshetau

Коронавирус: індет жұқтырған 350 адамның жағдайы ауыр

Сондай-ақ...оқыңыз

20 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 16 мыңға жуық адам коронавирустан емін жалғастыруда, деп хабарлайды Aqmola News  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 15 904 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 64 бала бар. Стационарларда 6 942 науқас жатыр. 8 962 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 350 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 100 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 63 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», – делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметте.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 19 тамыз күні Қазақстанда коронавирус инфекциясы 244 адамнан анықталды. Оның ішінде 110 адам – симптомсыз тасымалдаушы. Бір тәулікте індеттен 164 адам жазылып шықты. Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 787 адамнан анықталды. 19 тамыз күні бұл диагноздан 6 қайтыс болды. Бүгінге дейін коронавирус жалпы 103 815 адамнан анықталды. Оның ішінде 86 450 науқас – жазылды, 1415 науқас – қайтыс болды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика