spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Көкшетау темір жол вокзалын жаңғырту жұмыстарына соңғы он бес жылда жеткілікті қаражат бөлінген

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгінде Көкшетау темір жол вокзалына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы « Aqmola News» тілшісі Көкшетау темір жол вокзалының бастығы Роза Арыстанқызымен тілдесіп толығырақ мәлімет алды.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Көкшетауға келген жолаушы алғашқы демін осы вокзалдан алады. Сондықтан вокзал алаңы қаланың айнасы іспеттес. Бүгінде ғимараттың іші мен айналасын әсемдеуге көп көңіл бөлініп жатыр. Бұл мақсатқа соңғы 15 жылда жеткілікті қаражат бөлінген.
Роза Арыстанқызының айтуынша, барлық жұмыстар аяқталған соң, жаңа вокзалдың келбеті қаланы одан сайын нұрландыра түспек.

-Барлық жұмыстарды атқаруға мердігер «Ксимер Интер» компаниясымен келісім шарт жасалды. Бүгінде мердігерлер жұмыстың жартысынан көбін аяқтауға жақын. Вокзал ішіндегі есіктері ауыстырылып, әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілді. Шамдар орнатылды. Ғимараттың қас беті жөнделіп, пойыз тоқтайтын перрон маңайына қырлы тастар төселіп жатыр,-дейді Роза Арыстанқызы.

Сонымен қатар «Кокшетау темір жол вокзалы» жазуы латын әріптерімен жазылып, көзге түсерліктей әсемделген.
Барлық жұмыстарды аяқтау 30 тамызға дейін жоспарланған.


Еске сала кетсек, өңірдің бас санитар дәрігерінің шешімімен барлық электр пойыздары тоқтатылған. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан-Атырау бағытындағы пойыздарына шектеу қойылып, Нұр-Сұлтан-Орал бағытындағы пойыздар күнара жүреді.

Ал қалған пойыздардың барлығы жоспарлы кестеге сай өз жұмысын жалғастыруда.
Айта кетерлігі, вокзалға жолаушыны шығарып салушы кіргізілмейді, арнайы құрылғымен жолаушының денсаулығы тексерістен өткізіліп, барлық санитарлық талаптарды орындауы қатаң қадағаланады.
Вокзал аумағы кестеге сәйкес тұрақты залалсыздандырылады. Ол үшін барлық құралдар жеткілікті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img