spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
5.2 C
Kokshetau

Сайлау: Ақмола облысынан Нұрлан Бекенов Сенат депутаты болып сайланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Парламент депутаттығына сайлау додасына Ақмола облысынан үш кандидат қатысқан. Зеренді аудандық мәслихат  депутаттарымен ұсынылған  Нұрлан Бекенов  Ақмола облысынан сенат депутаты болып сайланды, – деп хабарлайды «Aqmola News». 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бұл туралы Зеренді ауданыдық мәслихатының хатшысы Қайрат Ауғалиев мәлім етті.

Дауыс беру қорытындылары бойынша, Парламенттің жоғары палатасына Ақмола облысынан депутат болып Бекенов Нұрлан Жексембайұлы сайланды. Сайлау қорытындысы бойынша Нұрлан Жексембайұлы 213 дауыспен жеңіске жетті. Нұрлан Бекеновтың кандидатурасы Зеренді аудандық мәслихатының депутаттарымен ағымдағы жылдың 15 маусымындағы сессиясында ұсынылған болатын. Нұрлан Жексембайұлын жауапты лауазымға сайлануымен шын жүректен құттықтап, сенаторлық қызметте толағай табыс тілейміз, – деді Қайрат Ауғалиев. 

Нұрлан Бекенов – Ақмола облысы бойынша тексеріс комиссиясының төрағасы. Ол Целиноград ауыл шаруашылығы институтын,  Көкшетау экономика және  менеджмент институтын бітірген. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін елімізде Парламент Сенаты депутаттарын сайлау  өткізілді.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрметті қала және аудан тұрғындары!

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға тегін ақпараттық және құқықтық қолдау көрсетілуде. Егер сіз: ✔️ 90 күннен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика