spot_img
Бейсенбі, Қараша 20, 2025
2.2 C
Kokshetau

Ақмолада Абай шығармашылығына арналған отбасылық байқаудың қорытындысы шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада  Абай шығармашылығына арналған оқушылар мен ата-аналар қатысқан викторина байқаудың қорытындысы шықты. Викторинаға облыстың 8 ауданы мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан 23 отбасы қатысты,-деп хабарлайды «Aqmola News».

10 тамызда «Абай әлемі»облыстық отбасылық онлайн-викторинасы өтті.
Іс-шара Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы оқушылардың білімін кеңейтуге және тереңдетуге ықпал етеді.

Викторинаның қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
І орын
1. Серикбай Нұржігіт, Сейтжанова Жибек Социаловна (анасы) – Астрахан ауданы №4 Жалтыр ОМ, 5А сынып.
ІІ орын
1. Казбекова Назерке Байболатқызы, Казбекова Гульжан Жаксылыковна (анасы) – Ақмола облысы Астрахан ауданы Новочеркас ауылы, «Новочеркас орта мектебі» ММ, 8 сынып.
2. Алимова Томирис Габитовна,Алимова Айнаш Абылаевна (анасы) –Степногорск қаласы, 8 «В» сыныбы.
ІІІ орын
1. Ербатыр Ернияз, Жусупбекова Гульжан (анасы) – Көкшетау қаласы.
2. Толеубаев Батыр Берикович (5 сынып), Михина Айнагуль Мелешовна (анасы), Толеубаев Ильяс Берикович (ағасы) – Зеренді ауданы, Еленовка орта мектебі.
3. Досан Инжу, Келес Досан (әкесі), Еженхан Майра (анасы) – Шортанды ауданы.

Викторина соңында қатысушылар Абай әндерін орындап, өлеңдерін жатқа оқыды.

Байқауға дайындаған оқушылардың өнерін aqmoedu инстаграм парақшасынан тамашалауға болады.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика