spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 18, 2025
17.2 C
Kokshetau

Елордада жаңа «Aqmol» сауда орны ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Елорда тұрғындары ақмолалық тауар өндірушілерінің табиғи өнімдерін жаңа «Aqmol» дүкенінен сатып алатын болды, – деп хабарлайды «Aqmola News» «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астаналық жұртшылықтың өтініштері бойынша «Aqmol» дүкені Нұр-Сұлтан қаласындағы Есілдің оң жағалауынан орын тепті. Жаңа сауда орны Нұр-Сұлтан қаласындағы Сарыарқа ауданы әкімдігі мен «Астана» университетіне таяу Абай даңғылы 8 мекенжайы бойынша орналасқан.

Ақмола облысы тауар өндірушілерінің өнімдері сатылатын дүкен таңғы 9.00-ден 21.00- дейін жұмыс істейді. Ал, карантин режимі басылған жағдайда жаңа маркет тәулік бойы режиміне көшуді көздеп отыр.

Елорда тұрғындары мен қонақтары енді ақмолалық азық-түлік өндірушілердің сапалы өнімдерін нарық бағасынан төмен бағада сатып алуға мүмкіндік алады. Дүкенде сүт және ет өнімдері, жұмыртқа, шұжық және нан өнімдері, жарма басқа да өнімдер ұсынылады, – деді «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметінен.

«Aqmol» маркеттер желісі 2017 жылы облыс әкімдігінің қолдауымен өңірдің ірі тауар өндірушілерінің бастамасымен құрылған.

Сауда желісінің ерекшелігі сол өндірушілер делдалсыз өз өнімдерін тікелей сауда сөресіне орналастыра алады. Тауар өндірушілері өз өнімдерін сату кезінде қосымша шығын шығармағандықтан азық-түлік тауарлары сауда желісіне қолжетімді бағада түспек.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының екі ауданында күздік дақылдарды жинау аяқталды – 51,1 мың тонна астық жиналды

Еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі – Ақмола облысы егін жинауға кірісті. Жұмыстарға 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн тартылды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика