spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолада 8 жасар баланы көлік қағып кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Велосипед теуіп жүрген бала жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Жайсыз оқиға Бұланды ауданында орын алды. «ВАЗ-2107» автокөлігін тізгіндеген 47 жасар жүргізуші  жолға шығып кеткен 8 жасар баланы соғып кеткен, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішінен жеңіл жарақат алған бала аудандық ауруханаға түскен. Дәрігерлер баланың жағдайын тұрақты екенін жеткізді. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша тексеріс жүргізген полиция қызметкерлері баланы қағып кеткен көлік жүргізушісінің ішімдік ішпегенін анықтады.

Қазіргі уақытта автокөлік иесіне Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610 бабының 2 тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды. Іс  бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Әбдірахманова.

Жергілікті полиция қызметкерлері ата-аналардың кәмелет жасына толмаған балаларға жол қозғалысының ережелерін мұқият үйретуі қажеттігін ескертеді. Жол қауіпсіздігі ережесімен жүру балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік беріп, сонымен қатар барлық жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Егер сіз велосипедте болсаңыз сіз жүргізушісісіз, ал егер велосипедті ұстап жанында жүрсеңіз онда жаяу жүргінші боласыз, – дейді полиция қызметі.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелеріне сәйкес велосипедшілер жолдың оң жақ бөлігінің шетімен немесе жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмесе жаяулар жолында жүруі тиіс екенін алға тартты. Полиция сонымен қатар велосипедшілерге бір жолақтан артық жолдарда солға бұрылуына немесе кері бұрылуына тыйым салынғанын атап өтті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img