spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 19, 2024
6.5 C
Kokshetau

Ақмолада 48 гектардан астам орман өртенді

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыста жыл басынан бері ғана 48 гектардан астам аумақта 34 орман өрті тіркелді. Сонымен қатар, 500 мың гектардан астам шабындық жерлер отқа оранған, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Доспаев Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлім етті.

Өрт оқиғаларының басым бөлігі Бурабай ауданында болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, орман өрті көп жағдайда алдын алу шараларының уақытында жасалмауынан немесе тіпті болмауынан орын алған.

Өкінішке орай өрт оқиғалары өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2,9 пайызға дейін өсті. Дегенмен, шабындық жерлердің тұтануы 20,3 пайызға төмендеген. Далалы аймақтардың өртенуіне жол берілмеді, – деді Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Доспаев.

Орман өртінің басым бөлігі Бурабай ауданында болған.  Тілсіз жау мұнда 14 қалың тоғайды күлге айналдырды. Сондай-ақ, Ақкөл ауданында алты, Біржан сал ауданында төрт, Зеренді, Бұланды және Сандықтау аудандарында үш және Ерейментау ауданы аумағында бір орман өрті тіркелді.

Облыс аумағындағы шабындық жерлердегі өрттің басым бөлігі яғни 11 оқиға Ерейментау ауданында орын алды. Сондай-ақ, Бурабай және Целиноград аудандарында – жеті, Біржан сал ауданында алты, Бұланды және Көкшетау қаласында – төрт, Зеренді және Атбасар аудандарында үш, Степногорск қаласында – екі, Астрахан егіндікөл және Ақкөл аудандарында бір оқиғадан орын алды, – деп толықтырды Қанат Доспаев.

Департамент басшысының міндетін атқарушы мобильді топтармен 28 тұлғаның әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Олардың 23-і ескерту алса, бесеуі 208 395 теңге сомасында айыппұл төлеген.

Мұнымен қоса, облыс аумағында 208 ерікті өртке қарсы құрылымдары жұмыс істеп, онда 1141 адам қызмет етуде. Олардың қолында 53 негізгі және 396 бейімделген өрт сөндіру техникалары, 70 өрт мотопомпылары, бір мыңға жуық өртке қарсы құрал-жабдықтар бар.

Спикер орман өртеніп жатқан жағдайда әркім дүрбелеңге салынбай, ормандағы өрт ошағының шекарасын анықтап, оның таралу жылдамдығын анықтау қажеттігін жеткізді. Егер, өртті өз күшімен сөндіру мүмкін болмаса бірден өрт сөндіру бөлімдеріне немесе 101 және 112 телефондарына хабарласуға шақырды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img