spot_img
Бейсенбі, Мамыр 22, 2025
17.7 C
Kokshetau

Бурабай: Жергілікті кәсіпкерлер аудан ауруханаларына демеушілік көрсетуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабай ауданында жергілікті кәсіпкерлер аудан ауруханаларына материалдық қолдау жасауда, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бұл туралы Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев мәлім етті.

Аудандағы эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты әкімдік аудан аумағындағы 7 блок-бекетті қаржыландыруға күш салған. Бөлінген қаржыға аудандық полиция, медицина қызметкерлері  және тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлерін қамтамасыз ету үшін жанармай генераторлары, жылытқыштар, қызу өлшеуіштер, пирометрлер, оттегі және прожекторлар сатып алынған.  Сондай-ақ, жеке гигиена құралдары, ыстық тамақ, маска және медициналық қолғаптар берілген.

Аудан әкімінің мәліметінше коронавирус инфекциясына байланысты  туындаған күрделі жағдайда аудандағы кәсіпкерлері де көмек беруден қалыс қалмаған.

«Aqua Burabay» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Арман Табылдин аудан ауруханасындағы провизорлық бөлімді таза ауыз сумен қамтамасыз етуді өз мойнына алды. Ол күн сайын ауруханаға 200 литрден астам су жеткізуде. «Арнайбилд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Бауыржан Сүлейменов «Авиценна Бурабай» ауруханасын оттегін сатып алуға материалдық көмегін көрсетті. Ал кәсіпкер Қаират Бәйішев медицина қызметкерлерін жуғыш құралдар және гигиеналық құралдармен қамтамасыз етсе, «Азиякотломаш» кәсіпорын директоры Тимур Нұрсайынов инвазивті маскалар әкеліп берді, – дейді аудан әкімі Әсет Мұздыбаев. 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика