spot_img
Дүйсенбі, Қазан 27, 2025
10.2 C
Kokshetau

Қазақстанда тұрғын үй қымбаттады

Сондай-ақ...оқыңыз

Биылғы алты айда Қазақстан аумағында 6 миллион жүз мың шаршы мерт тұрғын үй пайдалануға берілді,- деп хабарлайды «Aqmola News » 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 процентке көп.

Статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда 15 өңірде өсім байқалады. Мәселен, жаңа үйді пайдалануға беру көрсеткіші Нұр-Сұлтанда 34, Алматы облысында 31, ал Шымкентте 22 процентке көбейген. Десе де, осы алты айда пәтер бағасы 6 процентке қымбаттады. Өсім барлық өңірде байқалады. Сондықтан бүгін нарықтағы баға айдарында ауданы 50 шаршы метр болатын 2 бөлмелі пәтердің құнына шолу жасаймыз.

«Салыстырмалы түрде қарасақ, Қазақстан бойынша екі бөлмелі пәтерлер Ақтөбеде арзан екен. Мұнда ауданы 50 шаршы метр болатын пәтерді 8 миллионның шамасында алуға болады. Ал Қостанайда дәл сондай баспананы 8 жарым миллионға саудалайсыз. Ақмола облысының орталығында 12 миллион. Шымкентте 12 жарым, Өскеменде 13 миллион теңге шамасында. Ал елордада пәтер бағасы Ақтөбемен салыстырғанда екі есе қымбат. Екі бөлмелі пәтерді мұнда 16 миллион теңгега алуға болады», – делінген арна таратқан хабарламада.

Осы алты айда пәтер бағасы 6 процентке қымбаттады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабай ауданының агрономы Асель Ағзамова Президент қолынан марапат алды

Президент Республика күніне орай бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсырды. Ақмолалық агроном Асель Ағзамова ІІІ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика