Аршалы ауданында дәрәханаларда бағаны негізсіз көтеру фактісінің жиілеуіне байланысты жедел желі іске қосылды,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Құрметті Аршалы ауданының тұрғындары, дәрілік препараттарға дәріханаларда бағаны негізсіз көтеру фактілерінің жиілеуіне байланысты, аудан прокуратурасында жедел желі жұмыс жасайтынын хабарлаймыз.
«Бөлшек және көтерме саудада өткізуге арналған дәрілік заттардың сауда атауына шекті бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № ҚР ДСД-104 бұйрығына сәйкес, бөлшек және көтерме саудада өткізуге арналған дәрілік заттардың сауда атауына шекті бағалар бекітілді.
Егер, Сіз аталған дәрілік препараттардың бағасының жоғарылауына тап болсаңыз, аудан прокуратурасына келесі телефондар бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 8-708-484-9272, 8 (71644) 2-14-57,-делінген хабарламада.