spot_img
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
18 C
Kokshetau

Шортандыда жоғалған қыз елордалық танысының үйінен табылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жасар Еркежан Ботабекті Нұр-Сұлтан қаласынан іздеп тапты, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Жұрт жабыла іздеген қыз Елордадағы танысының пәтерінде қонақтап жатқан.

15 жастағы Еркежан Ботабек 12 шілде күні үйінен шығып сол күйі оралмаған. Қызының хабарсыз кеткеніне алаңдаған анасы  Шортанды аудандық полиция бөліміне арыз беруге мәжбүр болыпты. Оның айтуынша, қызы таңғы алтылар шамасында үйден шығып кетіп, сол күйі үйге оралмаған. Қызды іздеуге полициямен қатар жүздеген еріктілер де жұмылыпты.

 «Хабарсыз кеткен қызды полиция қызметкерлері, құтқарушылар, екі жүзден астам еріктілер мен аудан тұрғындары іздеу жүргізді. Үш тәулік бойы полиция қызметкерлері Еркежан Ботабекті табу үші кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Қыздың барлық жақын-жуықтары мен таныстары мен куәгерлер сұралып, орман алқаптары мен барып қалуы мүмкін жерлер түгел қаралды. Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің барлық күш-құрылымдары да жұмылдырылып, суға шомылатын орындар мен су қоймаларын сүңгуірлер сүзіп шықты. Іздеу шаралары тек Шортанды ауданында ғана емес Ақмола облысының көршілес аудандары мен Нұр-Сұлтан қаласында да жүргізілді», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Әбдірахманова.

Полиция қызметкерлері жоғалған қызды Нұр-Сұлтан қаласындағы таныстарының бірінің пәтерінен іздеп тапты.

Облыстық полицияның мәліметінше кәмелет жасына толмаған қызға қандай да бір қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасалмаған. Жоғалған қыз ата-анасына қайтарылды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зеренді ауданында 12,5 млрд теңгеге тау-кен байыту комбинаты салынып жатыр

Ақмола облысы елдегі жетекші өнеркәсіптік өңірлердің бірі ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. Қазіргі таңда Зеренді ауданында «Qazaq Qaolin» ЖШС-нің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика