spot_img
Жұма, Сәуір 11, 2025
16.2 C
Kokshetau

Ақмолалық қос медицина қызметкері қайтыс болғаннан кейін марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев елді дүрліктірген коронавирус пандемиясымен күрес кезінде қайғылы қазаға ұшырған қос медицина қызметкерлерінің әріптестері мен туған-туыстарына мемлекеттік наградаларды табыс етті, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес қызметтік парызын орындауда Қазақстан Республикасына ерекше қызметі мен жанкештілігі үшін «Қазақстанның еңбек ері» жоғары дәрежелі құрмет атағы мен «Отан»  ордені және алтын жұлдыз ерекше құрмет белгісі Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының бөлім меңгерушісі Олег Николаевич Исаевқа  берілсе, Егіндікөл аудандық ауруханасының медбикесі Сәуле Олжабайқызы Байғабыловаға «Құрмет» ордені табыс етілген.

Облыс әкімі марапатты Олег Исаевтың қызы Алина Красноштанова және Егіндікөл аудандық ауруханасының бас дәрігері Асхат Әбілбековке табыс етті.

«Пандемиямен күрес кезінде адамдардың өмірін құтқаруда олар өз  жандарын құрбан етті. Бұл ерліктері мен қажырлы еңбектері біздің барша медицина қызметкерлері үшін әрқашан үлгі болмақ.  Арамыздан ерте кетіп айырылып қалған ардақты дәрігерлердің жақындары мен туған-туыстарына шын жүректен қайғыра көңіл айтамын» – деді Ермек Маржықпаев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында «Серпін» өңірлік жобалық офисінің отырысы өтті

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде аймақтық «Серпін» жобасын жүзеге асыру бойынша Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаевтың төрағалығымен кезекті...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img