spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола облыстық перзентханасында жыл басынан бері 1814 сәби дүниеге келді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында осы жылдың бес айында облыстық перзентханада 1814 сәби  өмірге келді, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына қарамастан Ақмола облысында өмірге нәресте әкеліп жатқан аналардың қатары көбеюде.

Елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға қарамастан Көкшетау қаласының перзентханасы жұмысын одан әрі жалғастырып келеді. Бүгінгі таңда біздің перзентханада 1814 әйел босанды. Оның ішінде 150 сәби өмірге мерзімінен бұрын яғни айы-күні жетпей өмірге келді.  Бізде барлық аналар COVID-19 вирусына теріс талдамамен алынды. Біз оларда коронавирус бар-жоғын білген жоқпыз. Біздің перзентханада коронавирус инфекциясының белгілері сезілген аналарға арналған жеке оқшауланған босандыру орны қарастырылған. Яғни, дене қызуы көтерілген, тамағы ауырған, жөтел пайда болған адамдар жатқызылды. Егер вирус жұқтырғаны анықталған жағдайда олар Көкшетау қаласындағы туберкулезге қарсы диспансерге жіберілді.  Егер вирус жұқпаған жағдайда жас босанған аналар перзентхананың босанудан кейінгі бөліміне ауыстырылып, бақылауға алынады. Бүгінге дейін Ақмола облысының туберкулезге қарсы диспансерінде 10 сәби өмірге келді. Оның тоғызының айы-күні жетіп босанды. Бір қуанарлығы өмірге келген сәбилердің бәрінен коронавирус инфекциясы анықталмады, – деді Ақмола облыстық перинатальды орталығының жансақтау және интенсивті терапия бөлімінің меңгерушісі Евгения Шалиманова.

Қазіргі уақытта сегіз нәресте аман-есен үйіне қайтарылса, қалған екеуі дәрігерлердің бақылауына алынған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img