Көкшетауда өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 79 жастағы қарияны аман-есен жанып жатқан үйден алып шықты , – деп хабарлайды тілшісі Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түтінге тұншығып талып жатқан екінші топтағы мүгедек ақсақалды өрт сөндіруші болып істейтін көршісі алып шыққан.
Мен көрші учаскеде орналасқан үйдің жанып жатқанын көріп, дереу 101 арнайы желісіне телефон шалдым. Қызыл жалын шарпыған үйге жүгіріп бардым. Куәгерлерден үйдің ішіндегі бір адамның қалып қойғанын және шамамен қай жерде жатқанын анықтап үй ішіне терезені бұзып кірдім. Қою түтіннің арасынан жатын бөлмеде қария талып жатқанын көрдім. Ақсақалды бірден жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жөнелттік. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық, – дейді Көкшетау қаласы №11 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Жанат Мусин.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер Янко көшесі №35 үйдегі тұрғын үйдің жанындағы шаруашылық қора-жайлардың жанып жатқанын, одан үйдің шатырына да от түскенін анықтайды. Тұрғын үйге қосымша барлау жасалып, ас бөлмеден газ балонын алып шықтық. Өрт кезінде басқа зардап шеккендер болған жоқ. Жалпы өрт 86 шаршы метр аумақты қамтыды, – деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Өрт сөндіруге жалпы 16 адам жұмылдырылған. Абырой болғанда зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.